«Ағзалардың донорлығы күні Еуропалық орган донорлығы және трансплантация күніне орайластырылды және алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда мұндай күн күнтізбеде жоқ, соның ресми түрде қосылғанын қалаймын. Біз мұндай күнді еліміздегі донорлық пен трансплантацияны дамыту жөніндегі ақпараттық жұмыстарға арнауға болар еді. Осындай шараларды жыл сайын өткізу жоспарда бар», - дейді «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Успанов.
Сандуғаш Оранбаева, «Өмір сыйы» трансплантацияланған науқастар қоғамының президенті, жергілікті әкімшілікке, ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығына трансплантациядан кейінгі науқастарға қолдау көрсеткені үшін және қоғамда донорлыққа және трансплантацияға деген қалыпты көз қарасты қалыптастыруға белсенді көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың органдарды трансплантациялау секторының жетекшісі Мэлс Асықбаев өткен шараның трансплантологияның дамуына септігін тигізетінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға, жергілікті билік органдарына және әріптестеріне оны жүзеге асыруға атсалысқан көмектері үшін алғысын білдірді.
ҚР ДСМ Транспланттауды
және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың баспасөз қызметі
2023 жылдың 8 қыркүйегінде Алматыда академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына және оның Қазақстан хирургиясының дамуына қосқан үлесіне арналған Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өз жұмысын бастады.
Толығырақ...
АСТАНАДА «ОРТА АЗИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ
2023 жылдың 6 қыркүйегінде Астанада «Орта-Азиялық онкология апталығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы басталды.
Толығырақ...
ПРЕСС-РЕЛИЗ
10 марта 2022 года в рамках ежегодного мероприятия «Всемирный День Почки» Республиканское общественное объединение «Саморегулируемая организация нефрологов, врачей диализа и трансплантологов» провело круглый стол по вопросам организации и улучшения нефрологической помощи населению РК.
Толығырақ...
Пресс-релиз
2021 жылдың 19 қарашасында денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі - ДСБ), ӘМСҚ, РЭДСО қызметкерлерінің, облыстың медициналық ұйымдары басшыларының, ДСБ штаттан тыс бас мамандарының және Ақтөбе облысы бойынша ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушісінің қатысуымен Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының өңірлік кеңесі өтті.
Толығырақ...
12.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.
Толығырақ...
03.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Маңғыстау облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.
Толығырақ...